jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев: Тек мұнай саласына ғана сеніп, өмір сүруге болмайды

    : Facebook

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарының соңында Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    фото: Ақорда
    фото: Ақорда: UGC

    Бас қосуға облыстық мәслихат депутаттары, ардагерлер кеңесінің мүшелері, үкіметтік емес секторлар мен бизнес қоғамдастығының, сондай-ақ, ғылыми-педагогикалық зиялы қауым өкілдері және облыс жастары қатысты.

    Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге жасаған сапарының маңыздылығын айтып, тарихтың аса жауапты сәттерінде маңғыстаулықтардың ел басшылығына әрдайым қолдау көрсеткенін ерекше атап өтті.

    Мемлекет басшысы тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміздің қол жеткізген жетістіктеріне арнайы тоқталды.

    "Баршаңыз білесіздер, Елбасы тарихи шешім қабылдап, Қазақстан өркендеудің жаңа сатысына қадам басты. Біз Тұңғыш президент айқындап берген стратегиялық мақсат-міндеттерді жүзеге асыруды одан әрі жалғастыра береміз.

    Осы жылдар ішінде егемен еліміздің саяси басқару жүйесінде сабақтастық дәстүрді қалыптастырдық. Елімізді одан әрі ілгерілетіп, дамыту – біздің алдымызда тұрған маңызды міндет", – деді мемлекет басшысы.

    фото: Ақорда
    фото: Ақорда: UGC

    Қазақстан президенті экономика өсімін қамтамасыз етудің, жаңа жұмыс орындарын ашудың, халықтың табысын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартудың маңыздылығын айтты.

    "Тек мұнай саласына ғана сеніп, өмір сүруге болмайды. Қазіргі заманда бұл тиімсіз. Инвестиция – экономикалық өсім мен өңірдің әл-ауқатын арттырудың негізі. Еркін экономикалық аймағымыз, соның ішінде "Ақтау теңіз порты" еркін экономикалық аймағы инвестиция тарту әлеуетіне ие. Сондай-ақ, туризмді дамыту ісі еліміздің перспективасы зор екенін көрсетеді. Бұл салада Маңғыстау облысының бірқатар нақты басымдықтары бар", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
    фото: Ақорда
    фото: Ақорда: UGC

    Кездесу барысында Қазақстан президенті үкіметке, министрліктерге, әкімдіктерге, даму институттарына ұлттық экономика өсімін қамтамасыз етуге, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, кадрлар іріктеу жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ қоғаммен тиімді қатынас орнатуға бағытталған бірқатар нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

    Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу жөніндегі шешімін қолдағаны үшін кездесуге қатысушыларға алғыс білдіріп, баршасына табыс және амандық тіледі.

    Тоқаев: Тек мұнай саласына ғана сеніп, өмір сүруге болмайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.