jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Тастай батып, судай сің деген": Көлгінов БҚО жұртымен қалай қоштасты? (фото)

    : Facebook

    Елорданың жаңа сайланған әкімі өзі басқарған Батыс Қазақстан жұртымен қимай қоштасты. Өзінің Instagram парақшасында жантебірентер жазба қалдырған ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың да сөзін еске алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Фото: Instagram
    Фото: Instagram: Facebook

    Ол Батыс Қазақстан облысына сонау 2012 жылы келгенін жазған.

    "Ардақты Ақжайық жұрты! Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы сенім артып, 2012 жылдың басында "Осы өңірге қызмет ет. Тастай батып, судай сің", - деп Орал өңіріне жіберген еді. Көзді ашып-жұмғанша 7 жыл жарым уақыт өтіпті.

    Бөтенсімей бауырына басқан батысқазақстандықтармен осы уақытқа дейін тығыз араласып, қоян-қолтық еңбек етіп келдік", - деген шаһар басшысы.

    Сондай-ақ, ол Орал өңірі - балаларының кіндік қаны тамған жері екенін атап өткен.

    "Ақжайықтағы айшықты жылдарым - балаларымның осында дүниеге келуімен ыстық. Облыс әкімінің орынбасары болып келгеніммен, кейіннен Орал қаласының және облыстың әкімі ретінде тұрғындармен етене араласып қызмет еттім.

    Облыс тұрғындарына, зиялы қауым өкілдеріне, жастарға, мәслихат депутаттарына, мемлекеттік қызметшілерге ризашылығым шексіз.

    Атқарылған жұмыстарға бағаны өздеріңіз бере жатарсыздар. Биыл басталған ірі жобалар да аз емес. Олардың барлығы да өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы бақылауына алған өңірдегі бастамалар өздеріңіздің қатысуларыңызбен сәтті атқарылатынына сенімдімін.

    Ағайынға айналған баршаңызға амандық, құт-береке, жақсылық тілеймін! Жайықтағы жарқын сәттер мен жергілікті жұрттың жақсылығы жадымда қалады", - деп жазбаны аяқтаған ол.

    Желі қолданушылары Алтай Көлгіновке жаңа қызметте табыс тілеген.

    Олар "Биіктерде көріне беріңіз", "Ел игілігіне қызмет ететініңізге тілектеспін", "Жаңа қызметте жаңа табыс тілейміз", - деген тілектерін жаудырып жатыр.
    "Тастай батып, судай сің деген": Көлгінов БҚО жұртымен қалай қоштасты? (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.