jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Асқар Мамин Арысқа тексеріспен келді (фото)

    : Original

    Премьер-министр Асқар Мамин Шымкенттен Арысқа тікұшақпен ұшып келді. Ол жерде үкімет басшысын облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пен ИИДМ орынбасары Қайырбек Өскенбаев күтіп алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Асқар Мамин Арысқа тексеріспен келді. Фото: NUR.KZ
    Асқар Мамин Арысқа тексеріспен келді. Фото: NUR.KZ: Original

    Маминмен бірге жарылыс орын алған қалаға Дәурен Абаев, Елжан Біртанов, Нұрлан Ермекбаев және тағы басқа министрлер келген. Шенеуніктер құрылыстың қалай жүріп жатқаны мен зардап шеккен үйлердің жөндеу жұмыстарын тексеріп жатыр.

    Министрлер Арыстағы аудандық ауруханаға да ат басын бұрды. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов емхана ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары аяқталып жатқанын хабарлады.

    Арыстағы аудандық аурухана. Фото: NUR.KZ
    Арыстағы аудандық аурухана. Фото: NUR.KZ: Original

    Мамин аурухананың іші-сыртын, бөлімдерін, жансақтау бөлімі мен қабылдау бөлмесін қарап шықты.

    "Барлық қажетті көмек көрсетілді деп үміттенемін? Сұрақтарыңыз бар ма? Барлық көмек уақытылы көрсетілу керек" , - деді Мамин.
    Асқар Мамин Арысқа тексеріспен келді. Фото: NUR.KZ
    Асқар Мамин Арысқа тексеріспен келді. Фото: NUR.KZ: Original

    Айта кету керек, бүгінгі күні көптеген арыстықтар әлі де өз үйлеріне кіре алмай жатыр. КТК арнасының хабарлауынша оған жөндеу жұмыстары аяқталмай жатқаны себеп болған.

    Жарылыс салдарынан қаладағы үйлер мен ғимараттардың 80% зардап шекті. Олардың ішіне мектептер, кафе мен дүкендер де кіреді. 31 шілде күніне дейін 5776 үй қалпына келтірілген.

    Олардың жартысынан астамында косметикалық жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

    Асқар Мамин Арысқа тексеріспен келді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.