jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Тоқаев Қытайда Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселесін көтерді

    : Facebook

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға сапарында отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты жеке өтінішін жеткізді. Бұл туралы бүгін президенттің көмекшісі Мұрат Нұртілеуов мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

    Фото: қорғаушы Сұңқар Нұрмағамбетовтен алынған
    Фото: қорғаушы Сұңқар Нұрмағамбетовтен алынған: Facebook

    Оның айтуынша, Қытайға жол жүргелі жатқанда мемлекет басшысына Ақжарқын Тұрлыбайдың анасынан өтініш түскен.

    "Осыған орай президент Бейжіңдегі кездесулерде Қытай тарапына өзінің жеке өтінішін жеткізді. Бұл мәселе жан-жақты талқыланды. Оның нәтижелері бойынша сыртқы істер министрлігі арқылы осы жұмысты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Мемлекет басшысы өз тарапынан үлкен көңіл бөліп отыр.
    Сондықтан сапар нәтижесі бойынша берілетін тапсырмалар тізіміне отандасымыздың тағдырына қатысты мәселе арнайы пункт ретінде кіретін болады", - деді Нұртілеуов Қазақстан президентінің Қытайға сапарының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.