jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Путин мен Зеленский бір-бірін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

    : Facebook

    Ресей мен Украина басшылары Владимир Путин мен Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесіп, өткен жылдағы екіжақты қарым-қатынастардың бірқатар маңызды жетістіктерін атап өтті. Сондай-ақ мемлекет басшылары бір-бірін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Владимир Зеленский мен Владимир Путин. Фото: EPA-EFE
    Владимир Зеленский мен Владимир Путин. Фото: EPA-EFE: Facebook

    Көшбасшылар Ресей мен Украина арасындағы саяси және экономикалық саладағы қарым-қатынастардың соңғы оқиғаларына тоқталып өтті.

    Атап айтқанда, тараптар жақында жасалған келісімді талқылады. Онда 1 қаңтардан бастап Украина арқылы Еуроодақ аумағына ресейлік газдың үздіксіз режимде тасымалдануы қарастырылған.

    Көшбасшылардың әңгімелескені туралы ақпарат Ресей мен Украина президенттерінің ресми сайттарында жарияланды.

    Бұдан бөлек, президенттер 29 желтоқсанда Киев билігі мен ЛДХР өкілдерінің арасында өткен тұтқындармен алмасу процесін жоғары бағалады.

    Сөз соңында мемлекет басшылары бір-бірін Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, 2020 жылы екі ел арасындағы қарым-қатынастың одан ары "жыли түсуіне" ниет білдірді.

    Еске сала кетейік, желтоқсан айында француз көшбасшысының резиденциясында соңғы үш жылда алғаш рет "нормандық төрттіктің" кездесуі өткен болатын. Іс-шарада алғаш рет Ресей мен Украина президенттері кездесті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.