jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Аблязов Айсұлтан Назарбаевтың атынан пост жазғанын мойындады

    : UGC

    Елден қашып жүрген банкир Мұхтар Аблязов жақында әлеуметтік желілерде Елбасының немересі Айсұлтан Назарбаевтың парақшасында жарияланған арандатушылық сипаттағы посттарды өзі жазғанын мойындады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Мұхтар Аблязов. Фото: Sputnik Қазақстан
    Мұхтар Аблязов. Фото: Sputnik Қазақстан: UGC

    Бұл туралы ақпарат қазақстандық саясаттанушы Ербол Еділовтің Telegram-арнасында пайда болды. Онда шамамен желі қолданушылардың бірінің Аблязовпен хат алмасуының суреті жарияланған.

    Хабарламада банкир Елбасы немересінің атынан жазылған жазбалардың авторы өзі екенін түсіндірген.

    Айтуынша, ол Айсұлтанға бұл мәтінді өз атынан жариялауды ұсынғысы келген, алайда, байқаусызда "кілт қоюды ұмытып кетіп, жазба эфирге шығып кеткен".

    Ербол Еділовтің Telegram-арнасында жарияланған скриндер
    Ербол Еділовтің Telegram-арнасында жарияланған скриндер: Depositphotos

    Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Елбасының немересі Айсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік желідегі жазбаларына қатысты пікір білдірген болатын.

    "Бұл мәселе бойынша ағайынға айтқым келеді, қазір жалпы біздің қоғамда ғана емес, әлем бойынша өтірік пен шын ақпаратты ажырату үлкен мәселе болып тұр. Кейбір топтар жалған ақпарат таратып, үлкен компаниялардың, жеке адамдардың тіпті, бүтін бір елдің абыройына нұқсан келтіріп жүргенін көріп жүрміз. Бірақ мұның артында жымысқы ой, пайда көру ниеті тұрады және мұндай мысалдар соңғы уақытта біздің елде де көбейіп келеді. Мұның соңы арандап қалуға әкелуі мүмкін. Айсұлтанға қатысты да осыны айтқым келеді", – деді ол "Хабар" арнасындағы "Открытый диалог" бағдарламасына берген сұбатында.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Аблязов Айсұлтан Назарбаевтың атынан пост жазғанын мойындады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.