jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Назарбаев әкімдермен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде сөйлесті

    : Facebook

    Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өңір әкімдерімен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету дайындығын талқылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

    Фото: Elbasy.kz
    Фото: Elbasy.kz: Facebook

    Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті.

    Әңгіме барысында өңірлердегі ахуал және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жергілікті биліктің дайындығы талқыланды.

    Бірінші кезекте Елбасына өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бағытында қабылданып жатқан шаралар мен елді мекендердегі медицина нысандарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету жөнінде мәлімет ұсынылды.

    Нұрсұлтан Назарбаевқа коронавирустың таралуына байланысты қиын жағдайға тап болған адамдарға «Nur Otan» партиясының өңірлік филиалдары тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау туралы баяндалды. Әкімдер төтенше жағдай кезінде адамдар мен бизнесті қолдауға бағытталған шараларды одан әрі жүзеге асыруға дайын екендерін айтты.

    Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы төтенше жағдай кезіндегі азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударды.

    Әкімдер еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі көктемгі егіс науқаны барысы мен солтүстік аймақтардағы егін егу жұмыстарына дайындық туралы ақпарат беріп, жекелеген облыстарда су тасқынының алдын алу және оның салдарын жою жоспарлары жөнінде баяндады.

    Елбасы әкімдерге төтенше жағдай кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және көрсетіліп жатқан көмекті әрбір мұқтаж адамға жеткізу бойынша тиімді жұмыс атқаруға тілектестік білдірді.

    Соңғы деректер бойынша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырған пациент саны 453. Олардың 29-ы сауығып, ауруханадан шықса, үш адам қайтыс болды.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Назарбаев әкімдермен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде сөйлесті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.