jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруді тапсырды

    : Depositphotos

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруді тапсырды. Президент ақ халаттылардың айлығы жайлы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Тоқаев медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруді тапсырды
    Фото: Ақорда: UGC
    "Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемде денсаулық сақтау жүйесі үшін үлкен сынақ болды. Бұл індет елімізде кәсіби дәрігерлердің жетіспеушілігі мәселесінің бар екенін көрсетті. Бұған себеп — төменгі жалақы, осы мамандықтың беделінің төмендігі және медицина қызметкерлерінің құқықтарының қорғалмауы.
    Үкіметке осы жылдан бастап дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңмен арттыруды тапсырамын. Олардың жалақысы біздің экономикамыздағы орташа айлықтан 2,5 есе жоғары болуы тиіс. Бұл көрсеткіштерге біз 2023 жылға қарай қол жеткізуіміз керек",- деді мемлекет басшысы.

    Айта кетейік, бүгінгі жиында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев педагогика мамандықтары бойынша стипендияны көтеруді тапсырды.

    "Педагогика мамандықтарының мәртебесін көтеру үшін болашақ педагогтардың стипендиясын 26 000 теңгеден 42 000 теңгеге дейін арттыру қажет", - деді мемлекет басшысы.

    Сонымен қатар, Тоқаев педагогика мамандықтарына түсу талаптарын да біртіндеп көтеру қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ, білім беру бағдарламасын толығымен жаңартып, ақпараттық технологиялар бойынша арнайы модульді қосу қажет. Себебі ондай дайындақ қашықтан оқыту кезінде аса қажет.

    "Негізі, педагогтарды арнайы жоғары оқу орындары дайындауы тиіс. Сондықтан білім және ғылым министрлігі тиісті шешімді қабылдайды деп ойлаймын. Жалпы, мен жоғары оқу орындарының шартты түрде лигаға бөлінгенін қалаймын. Сонда олар бір-бірімен бәсекеге түсетін еді", - дейді мемлекет басшысы.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

    Тоқаев медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруді тапсырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.