jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ТС
    Тилеген Султан
    Бұрынғы қызметкер

    Қызылорда облысының әкімі Әбдіқалықова 180 отбасыға жаңа пәтердің кілтін тапсырды

    : Facebook

    Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік рәміздер күнінде кезекте тұрған 180 отбасыға пәтер кілтін табыстады. Оның ішінде әлеуметтік осал топтағы және көпбалалы отбасылар бар. Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан 4 жаңа тұрғын үй «Нұрлы-Жер» бағдарламасы аясында берілді.

    Қызылорда облысында 180 отбасыға пәтер кілті табысталды
    Фото: Қызылорда әкімдігі: Facebook
    «Тәуелсіз еліміздің елдігін, мемлекетіміздің мәртебесін айқындайтын басты құндылықтарымыз Мемлекеттік рәміздер күні мерекесінде Сіздердің қуаныштарыңызды бөліскелі тұрмыз. Соңғы 3 жылда «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында облыс бойынша тұрғын үйлердің құрылысына 45,4 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде 398 мың шаршы метрді құрайтын 141 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.
    Қызылорда облысында 180 отбасыға пәтер кілті табысталды
    Фото: Қызылорда әкімдігі: Facebook
    Демек, соңғы 3 жылда 5 мыңға жуық отбасы жаңа пәтерге ие болды. 20 мыңнан астам тұрғын баспанамен қамтамасыз етілді. Биылдың өзінде өңірімізде 1 186 пәтерді құрайтын 81 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бүгін міне, сол жағалауда жаңа тұрғын үйді пайдалануға береміз. Қоныстарыңыз құтты болсын», - деді өңір басшысы Г.Әбдіқалықова.

    Облыс әкімі қоныс тойын тойлап жатқан Өтеповтер әулетінің шаңырағында болды. . «Алтын алқа» иегері Алмагүл Өтепова Гүлшара Әбдіқалықоваға тұрғындар атынан алғыс білдірді.

    Қызылорда облысында 180 отбасыға пәтер кілті табысталды
    Фото: Қызылорда әкімдігі: Facebook
    «Бүгін жаңа пәтеріміздің кілтін алып қуанышқа бөленудеміз. Мемлекет тарапынан көпбалалы отбасыларға көрсетіліп жатқан қолдауға алғыс айтқым келеді. Аймақ басшыларына ризашылығымды жеткіземін. Қуанышты күндеріміз көп болсын», - деді А. Өтепова.
    Қызылорда облысында 180 отбасыға пәтер кілті табысталды
    Фото: Қызылорда әкімдігі: Facebook

    Шара соңында Қызылорда қаласының құрметті азаматы, еңбек ардагері Жарылқасын Шәріпов жиылған жұртқа батасын берді.

    Соңғы 3 жылда пайдалануға берілген 141 көпқабатты тұрғын үйдің жаңа қаладағы үлесі 620 пәтерлік 13 көпқабатты арендалық баспана. Сондай-ақ, несие бағдарламасы бойынша 240 пәтері бар 4 көпқабатты тұрғын үй тапсырылған. Ал, жеке құрылыс компанияларының есебінен 604 пәтерлі 14 көпқабатты тұрғын үй ел игілігіне пайдалануға берілді.

    Қызылорда облысында 180 отбасыға пәтер кілті табысталды
    Фото: Қызылорда әкімдігі: Facebook

    Жыл соңына дейін 680 пәтерлік арендалық 14 көпқабатты үйдің және несие бағдарламасы бойынша 590 пәтері бар 13 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр. Жеке инвесторлардың қаражатына 86 пәтерлік 2 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

    Қызылорда облысының әкімі Әбдіқалықова 180 отбасыға жаңа пәтердің кілтін тапсырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.