jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    "Ұпай жинайсыз деді": Тоқаевқа үкіметті таратып жіберуге кеңес берген

    : Depositphotos

    Қасым-Жомарт Тоқаевқа үкіметтің кеңейтілген отырысы алдында министрлер кабинетін толығымен таратып, бірқатар шенеуніктер мен әкімдерді жұмыстан босатып, жазалауға кеңес берілген. Ол өзіне "қоғам жақсы қабылдайды, абырой жинайсыз" деп айтылғанын жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

    Фото: Ақорда
    Фото: Ақорда: Depositphotos

    Тоқаев кез келген дағдарыс - әрбір көшбасшының кәсібилігін анықтайтын тест екенін жеткізді.

    "Шынымды айтайын, бұл отырысқа дайындық барысында маған бірқатар өңірлер мен ведомстволардың басшыларын жұмыстан босатып, тіпті бүкіл үкіметті таратып жіберуге кеңес берді. "Халық мұны жақсы қабылдайды, ұпай жинайсыз" деді.
    Маған ұпай, өтірік абырой керек емес. Мен жауапты адамдарды тыңдауға және тыңдай білуге қашанда дайынмын. Алайда, ел алдында өтірік ойнамаймын. Олай жасайтындай жаста да, жағдайда да емеспін" , - деді мемлекет басшысы.

    Сонымен қатар, президент бірнеше әкім ескерту мен сөгіс алып үлгергенін айтып, жазалауға тұрарлық тағы бірқатар шенеунік бар екенін алға тартты.

    Алайда Тоқаевтың ойынша, еліміздегі жағдайға байланысты мұндай мәселелерге әзірге уақыт жоқ. Басты нысана - коронавирус пандемиясын тоқтату.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.