jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаевтың саяси қуғын-сүргін құрбандары жөніндегі жарлығының жобасы талқылауға жіберілді

    Тоқаев1
    Фото: Ақорда

    Қазақстан Республикасы президентінің "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы" жарлығының жобасы ашық талқылауға жіберілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жобаны талқылау 5 қазанға дейін жалғасады делінген ашық нормативтік-құқықтық актілердің ресми сайтында.

    Жарияланған құжатқа сәйкес, қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру қажет. Жарлықтың орындалуын бақылау мемлекет басшысының әкімшілігіне жүктеледі. Құжатқа сәйкес , комиссияның төрағасы Қазақстанның мемлекеттік хатшысы болады.

    Мемлекеттік комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарларынан, хатшыдан және Мемлекеттік комиссия мүшелерінен тұрады.

    Мемкомиссияның құрамы ғалымдардан, мемлекеттік органдардың, Ұлттық және мемлекеттік мұрағаттардың басшыларынан, қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен қалыптасады.

    Мемлекеттік комиссия саяси көзқарастар салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандарға қатысты тарихи әділеттілікті қалпына келтірумен, қуғын-сүргіндерді заңдық және саяси ақтау жөніндегі заң жобаларымен және құжаттармен айналысуға, сондай-ақ қуғын-сүргін құрбандарын ақтау процестерін ғылыми зерделеу әдіснамасын айқындауға тиіс.

    Мемлекеттік комиссияға Қазақстандағы нақты ақталмаған саяси қуғын-сүргін құрбандарының толық тізбесін анықтау міндеті де жүктеледі.

    Айта кетейік, күні кеше Қасым-Жомарт тоқаев елдегі тексерулерге мораторий енгізу туралы жарлығына толықтыру енгізген.

    Тоқаевтың саяси қуғын-сүргін құрбандары жөніндегі жарлығының жобасы талқылауға жіберілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.