Саясат

Зектілері

Тоқаев Қазақстанның БҰҰ-дағы өкілін тағайындады

Жарияланған күні:

Ілясов
Фото: diplomatmagazine.eu

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның БҰҰ-дағы жаңа өкілін тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Мағжан Ілиясов жоғары лауазымға ие болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметін Қайрат Ермекұлы атқарған болатын.

Ақорда хабарлауынша, Омаров енді Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі болып қызмет етеді.

Мемлекет басшысы БҰҰ өкілі қызметіне Мағжан Ілиясовты тағайындаған. Қазақстан президенті тиісті жарлыққа қол қойды.

"Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі қызметін қоса атқарудан босатылды", - делінген ресми хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Нұрлан Әубәкіров "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалғанын хабарлаған едік.

Нұрлан Әубәкіровтің орнына Қарағандының жаңа әкімі болып Ермағанбет Бөлекпаев тағайындалғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, жақында Бақыт Есімованың Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалғанын хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/1877127-tokaev-kazakstanny-b-dagy-kilin-tagajyndady/