jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Тоқаев: Қазақстанның білім беру жүйесі бұрын-соңды болмаған қиындықтарға кезікті

    Мектеп
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында білім беру жүйесі туралы айтып, оқушылардың оқуға деген қызығушылығын ояту керегін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Биыл білім беру жүйесі бұрын-соңды болмаған қиындықтарға тап болды. Пандемия біздің мектептеріміздің сандық инфрақұрылымын дамытудағы, сондай-ақ мектеп оқушыларын компьютерлермен қамтамасыз етудегі проблемалар мен теңгерімсіздіктерді ашты. Бұл мәселелерді Үкімет дәйекті түрде шешіп келеді.

    Мемлекет біздің мектептерде сапалы білім беру процесін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Бұл жерде мен мектептегі білім берудің мазмұндық жағына назар аударғым келеді. Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің оқушыларымызда оқу сауаттылығы дағдылары тиісті деңгейде дамымағанын көрсетеді", - деді президент.

    Оның айтуынша, Қазақстан мектептерінде білім беру үдерісінің басым бағыттарының бірі жоғары оқу мәдениетін қалыптастыру және оқу сауаттылығын дамыту болуы тиіс.

    "Оқуға деген қызығушылық, кітап арқылы қоршаған әлемді тану балалардың мектеп қабырғасынан қалыптасуы керек, ал кітапхана осы қызығушылықтың орталығы болуы керек. Кітаптардың қызықты әлеміне жолсерік болуы қажет", - деп атап өтті мемлекет басшысы.

    Айта кетейік, Тоқаев бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы барысында әйелдердің басшылық қызметтердегі әлеуетін іске асыру қажеттілігі туралы да айтты.

    Тоқаев: Қазақстанның білім беру жүйесі бұрын-соңды болмаған қиындықтарға кезікті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.