jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қазақстанда екі жаңа комитет құрылды

    шенеунік6
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Мәдениет және спорт министрлігінде 2 жаңа комитет құрылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №195 қаулысында айтылды.

    Құжатқа сәйкес министрлікте архив істері және құжаттаманы басқару комитеті мен мәдениет комитеті құрылды.

    Осы қаулыға сәйкес, архив істері және құжаттаманы басқару комитеті  жанынан "Геральдикалық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі ашылды.

    Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызмет жүйесін ретке келтіріп, қайта құру керек деген болатын.  Пандемия ке­зінде мемлекеттік қызметшілердің басым бөлігінің қашықтан жұмыс істеу режіміне көшуі мемлекеттік аппаратты қысқарту керегін және бұған толық мүмкіндік бар екенін көрсетті. Президент 2021 жылы шенеуніктердің санын 25 процентке қысқартуды тапсырған.

    Ал күні кеше Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевті қабылдады.

    Мемлекет басшысына биылғы І тоқсандағы еліміздің экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары, Экономикалық өсімді қалпына келтірудің кешенді жоспарының іске асырылуы туралы есеп берілді. Президентке экономиканың нақты секторындағы ахуал және жалпы ішкі өнімге қатысты болжамдар жөнінде баяндалды.

    Әсет Ерғалиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа ортамерзімді перспективадағы экономиканың сапалы әрі орнықты дамуын қамтамасыз етудің негізгі жолдарын ұсынды. Сонымен қатар министр шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі президент тапсырмасының орындалуы туралы баяндады.

    Кездесу барысында макроэкономикалық тұрақтылықты және өңірлік дамудың тепе-теңдігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларға баса мән берілді.

    Қазақстанда екі жаңа комитет құрылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.