jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Назарбаев ҚХА төрағасы лауазымын Тоқаевқа тапсырды

    Назарбаев Тоқаев11
    Фото: Ақорда

    Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының лауазымын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бүгін елордада Елбасының қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясы өтті.

    Оның барысында Нұрсұлтан Назарбаев елді дамыту бағытына ұдайы қолдау көрсеткені үшін Ассамблеяның барша мүшелеріне алғыс айтып, оған төрағалық етуді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсыратынын мәлімдеді.

    "Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы туралы" конституциялық заңға және "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" заңға сәйкес менің Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқаруға құқығым бар екенін білесіздер. Бұл ретте Ассамблеяны басқарудың бірқатар өкілеттіктері ел президентінің құзырында. Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекет басшысының маңына топтасып, оған тірек болуы керек.

    Сондықтан мен Қазақстан халқы Ассамблеясын басқару құқығын президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа беруді ұйғардым. Бұл шешім Ассамблеяның мүддесіне сай келіп, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа барлық жұмысты, сондай-ақ халқымыздың, қоғамымыз  бен мемлекетіміздің болашағына қатысты барлық жоспарларды жүйелі құруға көмектеседі деп кәміл сенемін", – дейді еліміздің тұңғыш президенті.

    Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа "Қазақстан халқы Ассамблеясының құрметті төрағасы" мәртебесін беруді ұсынды.

    "Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Ассамблеяның құрметті төрағасы болу жөніндегі біздің ортақ ұсынысымызды қабыл алуыңызды сұраймыз. Бұл мәртебе халқымыз бен мемлекетіміздің алдындағы тарихи еңбегіңіз үшін сізге лайық. Ассамблеяның барлық мүшелері бұл ұсынысты қолдайтынына сенімдімін", – деді президент. 

    Назарбаев ҚХА төрағасы лауазымын Тоқаевқа тапсырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.