Тоқаев адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы жарлыққа қол қойды
Жарияланған күні:

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Мемлекет басшысы қабылдаған жарлықтың мәтінін назарларыңызға ұсынамыз:
Адам құқықтары саласында одан әрі шаралар қабылдау мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының үкіметі:
1) Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітсін, онда мынадай жұмыс бағыттарын көздесін:
- БҰҰ-ның шарттық органдарымен және БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңесінің арнаулы рәсімдерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру;
- адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету;
- мүгедектігі бар азаматтарға қатысты адам құқықтары;
- әйелдерге қатысты кемсітуді жою;
- бірлесу бостандығына құқық;
- пікір білдіру бостандығына құқық;
- адамның өмір сүруге және қоғамдық тәртіпке құқығы;
- үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру;
- адамның қылмыстық сот төрелігі, атқару және азаптаулар мен қатыгез іс-әрекеттердің алдын алу саласындағы құқықтары;
2) Іс-шаралар жоспарын іске асыруды қамтамасыз етсін;
3) жыл сайын 25 қаңтарға қарай жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігіне іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын;
4) осы жарлықты іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдасын.
2. Осы жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігіне жүктелсін.
3. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/1916927-toqaev-adam-quqyqtary-salasyndagy-odan-ari-saralary-turaly-zarlyqqa-qol-qoidy/