jitsu gif
Саясат

    Қарағанды-Балқаш-Алматы тас жолының құрылысы қашан аяқталады

    Көрнекі
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев Қарағанды-Балқаш-Алматы тас жолы 2023 жылы толығымен пайдалануға берілетінін жеткізді деп хабарлайды Қазақпарат.

    Бұл туралы Берік Камалиев орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында айтты.

    Оның сөзінше, ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласы мен өңірлерді "сәулелі принцип" бойынша байланыстыратын жоғары жылдамдықты 4 жолақты автомагистраль құрылысы жалғаспақ.

    "Көкшетау, Павлодар және Қарағанды бағытындағы жұмыстар аяқталды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары Қарағандыдан Қапшағайға дейінгі учаскеде іске асырылуда. Биыл ұзындығы 363 шақырым болатын Қарағанды-Балқаш учаскесіндегі негізгі жұмыстарды аяқтау көзделген", - деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары.

    Сонымен қатар, Берік Камалиев ұзындығы 288 шақырым болатын "Балқаш-Бурылбайтал" учаскесін реконструкциялау жұмысына коронавирус пандемиясы кері әсерін тигізгенін сөз етті.

    Яғни, жекелеген шетелдік компаниялар жұмысын жалғастыра алмады, дейді ол.

    Дегенмен, қазіргі уақытта Халықаралық қайта құру және даму банкі қаржыландыратын бұл жобаны басқа мердігерлер қолға алып, жұмыс істеп жатыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.