jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Елбасы Жамбыл облысына барды (фото)

    Елбасы Бердібек Сапарбаев11
    Фото: elbasy.kz

    Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысына барды. Елбасы алдымен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесті деп хабарлайды elbasy.kz.

    Кездесуде Елбасыға әскери қоймадағы жарылыстан зардап шеккен Байзақ ауданы тұрғындарына көмек көрсету шаралары және қалпына келтіру жұмыстары туралы мәлімет берілді.

    Жамбыл облысының әкімі Елбасыға өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайлы, сондай-ақ аграрлық сектордағы мәселелерді шешуге және халықты жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар туралы да баяндады. Қазақстанның тұңғыш президенті өңір басшылығының жұмысына оң баға берді.

    Елбасы78
    Фото: elbasy.kz

    Кездесуден кейін Елбасы "Әлжан ана" тарихи музейінің қызметімен танысып, мекеме аумағына ағаш отырғызу рәсіміне қатысты.

    Елбасы ағаш отырғызуда1
    Фото: elbasy.kz

    Қазақстанның тұңғыш президенті сонымен қатар, ауылдағы Мәдениет үйіне барды. Бұл Мәдениет үйінде кітапхана және түрлі үйірмелер жұмыс істейді, 250 орындық концерт залы бар.

    Елбасы Жамбыл облысында11
    Фото: elbasy.kz

    Одан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облыстық филармониясының артистері мен аудандық Мәдениет үйінің шәкірттері орындаған музыкалық шығармаларды тыңдады.

    Қазақстанның тұңғыш президенті сондай-ақ, спорттық-сауықтыру кешенінің жұмыс барысымен танысты.

    Елбасы спортзалда11
    Фото: elbasy.kz

    Аталған кешенде ауқымды арена, әмбебап зал және күрес пен боксқа арналған зал бар. Бүгінде спорттық-сауықтыру кешенінде төрт жүзден астам бала мен жеткіншек спорттың еркін күрес, тхэквондо, каратэ, волейбол, футбол, бокс сынды алты түрі бойынша жаттығады.

    Елбасы Жамбыл облысына барды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.