jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Абайдағы шахтада көз жұмған кеншілердің отбасыларына 10 жылдық жалақы беріледі

    Юрий Ильин
    Юрий Ильин. Фото: Жамбыл облыстық ӨКҚ

    Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қарағандыда өткен онлайн брифингіде Абай шахтасында көз жұмған кеншілердің отбасына 10 жылдық жалақы есебінде ақшалай көмек берілетінін мәлім етті.

    Министрдің айтуынша, қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына жан-жақты көмек көрсетіледі.

    "Жұмысшы мен жұмыс беруші арасында жасалған еңбек шартына сәйкес, барлық қаза тапқандардың отбасыларына он жылдық еңбекақы төленетін болады. Одан кейін жеке келісім-шарттар аясында несиелерді жабу мәселесі қаралады. Қазіргі таңда марқұмдардың студент балалары болса, олардың оқу ақысын төлеу мәселесі қарастырылатын болады", – деді төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.

    Министр жеке еңбек келісім-шарттары негізінде компания мұқтаж отбасыларға баспана беру туралы шешім қабылдауы мүмкін екенін айтты.

    Еске сала кетейік, бүгін сағат 08.37-де Абай қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Абай КД шахтасында желдеткіш Штрек 3-К10 түбінде метан газының кенеттен шығуы орын алған еді.

    Оқиға орнында қалған сегіз қызметкердің алтауы қайтыс болды, екеуі зардап шекті. Қазіргі уақытта оларды шахтадан шығарып алу жұмыстары жүргізілуде. Өндіріс процесі тоқтатылды.

    Сонымен қатар, қаза тапқан кеншілердің есімін төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі жария етті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.