jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Моңғолиядағы қандасымыз мемлекеттік Жоғарғы дәрежелі орденімен марапатталды (фото)

    Төлеу Масғұтұлы1
    Төлеу Масғұтұлы сол жақта. Фото: Сырымбек Төлеуұлы

    Моңғолиядағы қандасымыз Төлеу Масғұтұлы мемлекеттік Жоғарғы дәрежелі орденімен марапатталды, деп хабарлады Біліктілікті сертификаттау, кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын инспекциялау және ранжирлеу департаментінің директоры Сырымбек Төлеуұлы.

    Төлеу Масғұтұлы көптеген жыл бойы абыройлы қызмет атқарғаны үшін Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсухтің Жарлығымен мемлекеттік "Еңбек Қызыл Ту" орденімен марапатталды.

    Орденді 24 желтоқсан күні Моңғолияның Ұлы мемлекеттік хурал мүшесі Әубәкір Тілеуханұлы табыс етті.

    Салтанатты шараға Баян-Өлгей аймақтық Азаматтық өкілдер құрылтайының төрағасы Н.Бейбітхан мен аймақ әкімі Б. Дәлелұлы қатысқан.

    Төлеу мырза11
    Фото: Сырымбек Төлеуұлы

    Төлеу Масғұтұлы бұған дейін, "Алтын жұлдыз" және "Шыңғыс хан" ордендерімен марапатталған.

    Айта кетейік, Төлеу Масғұтұлы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағының депутаты, Дэлуін сумындық Азаматтық өкілдер құрылтайының төрағасы, Дэлуін сұмындық депутаты болған.

    Қазіргі уақытта ол бас есепші қызметін атқарады.

    Моңғолиядағы қандасымыз мемлекеттік Жоғарғы дәрежелі орденімен марапатталды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.