jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    "Өкпелі күйде кеткен жоқпын": Қайрат Оразбаев атыраулықтарға үндеу жасады

    Қайрат Оразбаев
    Қайрат Оразбаев. Фото: facebook.com/K.Urazbayev

    Атырау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев өзінің Facebook парақшасында шаһар тұрғындарына үндеу жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Қайрат Оразбаевтың мәлімдеуінше, елдегі соңғы жағдайларға байланысты отставка туралы өтінішті өзі берген. Осылайша, оның өтінішін қанағаттандырған.

    "Осы екі жыл Атырау қаласы әкімдігі ұжымы және қоғаммен қызмет атқару кезінде біраз тәжірибе жинақтап, үйренгенім көп болды.

    Әсіресе қарапайым мұқтаж тұрғындардың, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылардың алдыма қойған мәселелерінің шешілуіне қолымнан келгенінше көмек көрсетуге баса назар аудардым.

    Елге келген нәубет пандемия да өзінің ауртпашылығын көрсетті. Бұл кезеңде де қала әкімдігі, еріктілер және қоғам жанашыларымен белсене тиісті жұмыстар атқарылды.

    Осы екі жыл ішінде қала бюджеті өте төмен болып, жұмысты жолға қоюға айтарлықтай әсер етті. Бұл ретте, осыған дейін жасалған құрылыс нысандары және инфрақұрылым сапасы шынайы сын көтермеді.

    Осыған орай, қалалық әкімдіктің ұжымы жоғары деңгейде қызмет етті. Кейде мүмкін емес жұмыстарды да атқарды", - деп жазды Оразбаев.

    Сонымен бірге, ол Азаматтық белсенділердің ашық ұстанымы мен нақты талаптарының айқындылығы үшін ерекше алғысын білдірді.

    "Мен бұл қызметтен ауыр жағдайда немесе өкпелі күйде кеткен жоқпын. Атырау - менің сүйікті қалам! Жерлестерімді ерекше ықыласпен сыйлап, әрдайым құрметтеймін", - деді Қайрат Оразбаев.

    Айта кетейік, 4 қаңтарда Атыраудың орталық алаңына мыңдаған адам жиналды. 5 қаңтар күні де митинг жалғасып тапты. Шерушілер Атырау облысы әкімдігінің ғимарат басып алуға тырысты.

    Салдарынан Атырау облысындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 1 адам қаза тауып, 49 адам зардап шекті.

    "Өкпелі күйде кеткен жоқпын": Қайрат Оразбаев атыраулықтарға үндеу жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.