jitsu gif
Саясат

    Қаңтар оқиғасы кезінде Қызылорда облысының әкімін қолға түсіруге әрекет жасалған

    Гүлшара Әбдіқалықова
    Гүлшара Әбдіқалықова. Фото: Ақорда

    Қызылордада қаңтар оқиғасы кезінде митингке жиналған адамдармен келіссөз жүргізу үшін оқиға орнына келген облыс әкімі Гүлшара Әбдіхалықованы қолға түсіруге әрекет жасалған. Бұл туралы өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

    Митинг 5 қаңтарда Қызылордадағы сауда үйлерінің бірінің жанында өткен. Сол жерге адамдармен сөйлесіп, оларды тыңдап, тарауға көндіру үшін Гүлшара Әбдіхалықова да барған.

    "Бірақ бұл келіссөздер сәтсіз аяқталды. Өйткені, Aray City Mall сауда орталығына жиналғандар арасында ешкімді тыңдамай, бейәдеп сөздер айтқан агрессивті адамдар да болды. Облыс әкімі көлікке отырған кезде оны қолға түсіруге әрекет жасалған жағдай да болды. Полиция департаментінің арнайы күштік құрылымдары оқиға орнынан Гүлшара Әбдіхалықованы эвакуациялады", - деп хабарда етті облыстық полиция департаменті.

    Ведомствоның мәліметінше, 5-6 қаңтарда Қызылордадағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 17 мемлекеттік мекеме мен 21 жеке меншік нысанға шабуыл жасалған.

    Қақтығыс кезінде 58 полиция қызметкері мен жергілікті әскери бөлімнің 52 сарбазы жарақат алған. Қазір өңірдегі жағдай тұрақты.

    Қаңтар оқиғасы кезінде Қызылорда облысының әкімін қолға түсіруге әрекет жасалған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.