jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Ауыл тұрғындарымен жиі кездесу": Тоқаев облыс пен мегаполис басшыларына қандай тапсырма берді

    Тоқаев облыс және мегаполис басшыларымен кеңес өткізуде
    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

    Жиын барысында өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланған.

    Президент үкімет пен әкімдерге әлеуметтік-экономикалық мәселелерді жедел шешу және халықтың әл-ауқатын арттыру жөнінде шаралар кешенін қабылдауды тапсырған.

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Фото: Ақорда

    Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстанды құру стратегиясы аясында саяси реформалардың кезекті топтамасын іске асыру бойынша бірқатар міндет жүктеді.

    Атап айтқанда, әкімдер азаматтармен жұмыс істеу тәртібін қайта қарауы керек, сондай-ақ аудан және ауыл тұрғындарымен жиі кездесіп, оларды мазалаған мәселелерді шешуі, қоғам сенімін арттыруы қажет.

    Әкімдер кеңеске қатысуда
    Фото: Ақорда

    Одан бөлек, кеңесте үкімет пен әкімдіктерге жұмыссыздық деңгейін төмендету, кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу жөнінде жүйелі шаралар қабылдау бойынша тапсырма берілген.

    Әкімдер кеңеске қатысуда
    Фото: Ақорда

    Кеңес қорытындысы бойынша мемлекет басшысы облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне бүгінгі Қазақстан халқына арналған жолдауда жүктелген міндеттерді сапалы жүзеге асыру жөнінде тапсырма берді.

    "Ауыл тұрғындарымен жиі кездесу": Тоқаев облыс пен мегаполис басшыларына қандай тапсырма берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram