jitsu gif
Саясат

    Қарағандылық ару Гонконг университетінің үздік студенті атанды (фото)

    Қарағанды НЗМ түлегі Гонконг университетінің үздік студенттерінің қатарына кірді
    Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты

    Қарағандыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі Гүлжан Алдан Гонконг политехникалық университетінің үздік студенттерінің бірі атанды, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі ресми сайтында.

    Ведомствоның мәліметінше, Гүлжан Алдан Қарағандыдағы Назарбаев зияткерлік мектебін 2018 жылы бітірген.

    Қазіргі уақытта ол Гонконг политехникалық университетінің құрылыс ортасы және энергетика департаментінің төртінші курсында оқиды.

    Жақында Гүлжан оқудағы ерекше жетістіктері мен университеттің қоғамдық өміріне белсенді араласқаны үшін "Үздік студент" атағына ие болған.

    "Үздік студент" атағы мен үшін үлкен жауапкершілік", - дейді қарағандылық ару.

    Гүлжан Алдан
    Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты

    Гүлжан бакалавриатты бітіргеннен кейін PhD in Mechanical Engineering бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыратынын жеткізді.

    Қарағандылық ару Гонконг университетінің үздік студенті атанды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.