jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Қазақстандағы референдум: Тоқаев жарлыққа қол қойды

    Құжат
    Көрнекі фото: piqsels.com

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

    Президент Қазақстан Республикасы Конституцияның 91-бабының 1-тармағына және "Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес қаулы етті:

    1. 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзiлсiн.

    2. "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу  туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы "2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?" деген тұжырымдағы сауал қойылып, республикалық референдумға шығарылсын.

    3. Осы Жарлық және "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы 2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялансын.

    4. Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзу Референдумның орталық комиссиясының қызметiн атқаратын Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелсiн.

    5. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен, Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік органдарымен және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

    6. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.