jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Ерден Әріпов Жоғарғы cот судьясы қызметінен босатылды

    Сот
    Ерден Әріпов. Фото: sud.gov.kz

    Палатаның жалпы отырысында cенат депутаттары Ерден Әріповті Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатуға дауыс берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Мемлекет басшысының тиісті ұсынысын Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп жасады.

    "Сіздердің қарауларыңызға Ерден Рауанұлы Әріповті басқа қызметке тағайындалуына байланысты Жоғарғы соттың судьясы лауазымынан босату туралы мемлекет басшысының ұсынысы енгізілді", - деді ол.

    Бұл ұсынысты депутаттар бірауыздан қолдады.

    Шипптің айтуынша, мемлекет басшысының 26 ​​наурыздағы жарлығына сәйкес Ерден Әріпов Қарағанды ​​облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды.

    Ашық дереккөздергі мәліметке сүйенсек, Әріпов Жоғарғы сот судьясы болып 2015 жылдан бері қызмет еткен.

    Ерден Әріпов Жоғарғы cот судьясы қызметінен босатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.