jitsu gif
Саясат

    БҒМ бөлінуі: Жаңа министрліктердің басшылары тағайындалды

    Тоқаев заң
    Фото: Ақорда

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім және ғылым министрлігінің екіге бөлінуі нәтижесінде құрылған жаңа ведомстволардың басшыларын тағайындады. Мемлекет басшысы бүгін тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

    Президенттің жарлығымен Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды.

    Ал Асхат Аймағамбетов Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі болып тағайындалды. Ол білім және ғылым министрі лауазымынан босатылды.

    Айта кетейік, бүгін, 11 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен білім және ғылым министрлігі ресми түрде екіге бөлініп, оқу-ағарту министрлігі және ғылым және жоғары білім министрлігі құрылды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.