jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Президент 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың 95 пайызын жақсартуды тапсырды

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Қазақстан халқына жолдауын арнап жатқан Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың 95 пайызын жақсартуды тапсырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Мен 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бердім. Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алсын. Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет. Бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару керек.

    Бізде әлі күнге дейін битум тапшы. Бұл – ірі көлемде мұнай өндіретін ел үшін, тіпті, ұят жағдай. Үкімет осы мәселені түбегейлі шешуге тиіс.

    Жалпы, ашығын айтуымыз керек, үкіметтің жұмысында қайта-қайта олқылықтар болып жатыр.

    Біресе жанар-жағармай, біресе шекер жетіспейді. Осының бәрі үкіметтің нақты шешім қабылдауға келгенде өте баяу қимылдап, батыл қадам жасай алмауынан болып отыр.

    Мұндай жағдайға азаматтардың да көңілі толмайды. Әрине, бұл – орынды. Сондықтан, дәл осылай жалғаса берсе, тағы да нақты кадрлық шешімдер қабылдауға тура келеді", - деді Тоқаев.

    Президент 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың 95 пайызын жақсартуды тапсырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.