Тоқаев Қостанай облысына барды
Жарияланған күні:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі Telegram-каналында.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Әулиекөл ауданындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысады", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, кеше, 4 қыркүйек күні кешкісін Қостанай облысында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі енгізілген болатын.
4 қыркүйек сағат 21:00-дегі жағдай бойынша, Әулиекөл ауданындағы өрт аумағы 43 мың гектардан асқан.
Оқиға орнына тікұшақтар, ұшақ және 2 мыңнан астам адам жұмыс істеуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/1986182-toqaev-qostanai-oblysyna-keldi/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.