jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Ержан Мұқанов "Қазатомөнеркәсіп" басқарма төрағасы болып тағайындалды

    Ержан Мұқанов
    Фото: kazatomprom.kz

    "Қазатомөнеркәсіп" директорлар кеңесінің шешімімен Мұқанов Ержан Жанәбілұлы компанияның басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл жайында компания ресми сайтында хабарлады.

    "Директорлар кеңесінің атынан Мұқанов мырзаны компанияның басқарма төрағасы ретінде қабылдадық", – деді Қазатомөнеркәсіп директорлар кеңесінің төрағасы Нил Лонгфеллоу.

    Мәліметтерге сүйенсек, Ержан Жанәбілұлының 23 жылдық тәжірибесі бар.

    Ол Қазақстан Республикасы ғылым академиясының металлургия және байыту институтында арнайы байыту әдістері және гидрометаллургия зертханасының инженері қызметінен бастап, атом өнеркәсібінде түрлі лауазымдарында қызмет атқарған.

    Ал "Қазатомөнеркәсіп" жүйесінде 2006 жылдан бері қызмет етеді.

    Одан бөлек "КАТКО" БК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде инженер-технолог лауазымынан басталып, AREVA Mines өндірісін дамыту үйлестірушісі ретінде, және де "КАТКО" БК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Қазатомөнеркәсіп-SaUran", "Қаратау" және "Семізбай-U" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сияқты компанияның еншілес және тәуелді ұйымдарында түрлі басшылық қызметтерді атқарған.

    "Қазатомөнеркәсіп командасын басқару мүмкіндігі мен үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік. Мен директорлар кеңесіне сенім білдіргені үшін және компанияны басқару мүмкіндігін бергені үшін алғысымды білдіргім келеді", - деді Мұқанов.
    Ержан Мұқанов "Қазатомөнеркәсіп" басқарма төрағасы болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.