jitsu gif
Саясат

    Сенат төрағасы қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

    Мәулен Әшімбаев
    Мәулен Әшімбаев. Фото: gov.kz

    Сенат төрағасы Мәулен Әшімбев қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Ол жүрекжарды тілегін өз Facebook парақшасында жазды.

    "Құрметті достар!

    Баршаңызды келіп жеткен жаңа 2023 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

    Бұл – бәрімізге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын, әрқайсымыз ерекше қарсы алатын шаттыққа толы мереке. Осы сәтте өткенді ой елегіне салып, алдағы күндерден айрықша үміт күтеміз.

    Өтіп бара жатқан 2022 жыл еліміз үшін оңай басталған жоқ. Қасіретті қаңтар оқиғасы елдігіміз бен егемендігімізге үлкен қауіп төндірді. Біз, шын мәнінде, тәуелсіздік жылнамасында бұрын-соңды болмаған сын-қатермен бетпе-бет келдік", - деді ол.

    Сенат төрағасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың батыл шешімдері мен халықтың ынтымағының арқасында қиындықтар артта қалғанын атап өтті. Ол тәуелсіздігімізді нығайтып, мемлекеттілігімізді сақтау жолында нақты қадамдар жасалғанын, соның нәтижесінде бүгінде елімізде кешенді реформалар жүйелі түрде іске асырылып жатқанын еске салды.

    "Жалпы, 2022 жыл біздер үшін түбегейлі өзгерістер жылы болды десек, артық бола қоймас. Алдағы уақытта қолға алған бастамалар лайықты жалғасын тауып, 2023 жыл еліміз үшін табысты, берекелі, құтты жыл болады деп сенеміз. Ол үшін барлық істе жұдырықтай жұмылып әрекет ету аса маңызды. Сонда ғана көздеген мақсат-міндеттерімізге қол жеткіземіз.

    Жаңа жылда әр отбасына қуаныш, жақсылық, амандық тілеймін! Егемен еліміз өсіп-өркендей берсін! Әрдайым іргеміз бүтін, бірлігіміз бекем болсын!

    Жаңа жылдарыңызбен!",- деп қорытындылады Әшімбаев.

    Сенат төрағасы қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.