jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда жанар-жағармай материалдарын заңсыз шығару әрекеттеріне бақылау күшейеді

    бензин құйып жатқан адам
    Бензин құйып жатқан адам. Көрнекі фото: pixabay.com

    Бүгін үкімет басшысы Әлихан Смайылов ішкі нарықты жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

    Кеңеске қатысушылар жанар-жағармай материалдары нарығындағы қазіргі ахуалды және қолданыстағы реттеу механизмдерінің тиімділігін талқылаған.

    Сондай-ақ шекарада дизель отыны мен бензинді басқа мұнай өнімдерінің түрлері ретінде (мазут, пеш отыны, еріткіштер және т.б.) заңсыз шығару әрекеттері орын алып жатқаны айтылған.

    Осы орайда, премьер-министр Энергетика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, әсіресе көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу кезеңінде отынды елден заңсыз шығару фактілеріне бақылауды күшейту және ондай жағдайлардың жолын кесу жөнінде пәрменді шаралар қабылдауды тапсырған.

    Отырыста мұнай-газ саласының басқа да өзекті мәселелері талқыланған.

    Қазақстанда жанар-жағармай материалдарын заңсыз шығару әрекеттеріне бақылау күшейеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.