jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Тоқаев бұдан былай Астанада көлік тұрағы болмаса бірде бір үй салмауды тапсырды

    Көлік
    Автотұрақ. Көрнекі фото: Рixabay.com

    Елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңестің отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомрт Тоқаев тұрғын үй аулаларының автокөлікке толып тұрғанын, бұдан былай көлік тұрағы болмаса, бір де бір үй салынбауы керек екенін айтты. Бұл туралы Ақорда Telegram арнасында хабарлады.

    "Тағы бір маңызды мәселе – көлік тұрағы жоқ үйлердің көптеп салынуы. Қазір жұрт балаларын сыртқа шығарудан қорқады. Өйткені ауланың бәрі автокөлікке толып тұр.

    Бұдан былай көлік тұрағы болмаса, бір де бір үй салынбауы керек. Жалпы, ашық алаңда орналасқан автотұрақтар ақылы болуы керек. Әйтпесе, осындай келеңсіз жағдайлар жалғаса береді. Үкіметке нақты шешім қабылдауды тапсырамын.

    Сондай-ақ министрліктер үйінің маңында автотұрақ тапшы. Жұрт көлігін қайда қоярын білмей әуре-сарсаңға түседі. Тіпті, көліктерін жақын жердегі үйлердің ауласына қоюға мәжбүр болады. Бұл тұрғындарға үлкен қолайсыздық тудыратыны түсінікті.

    Бас прокуратура және Жусан банкі ғимаратының ортасында бос жер бар. Жоғарғы Сот ғимаратының артындағы алаң да бос жатыр. Әкімдікке осы екі жердің біріне көп қабатты жабық паркинг және жаяу адам өтетін көпір салу мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырамын", – деді президент.

    Еске салсақ, бұған дейін мемлекет басшысы Астанада 200 үй тұруға жарамайтынын айтқан болатын.

    Тоқаев бұдан былай Астанада көлік тұрағы болмаса бірде бір үй салмауды тапсырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.