jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Орал тұрғындары әкімнің жаңа көлік мінгеніне наразылық білдірді

    Миржан Сатқанов
    Миржан Сатқанов. Фото: instagram.com/uralskakimat

    Орал тұрғындары қала әкімі Миржан Сатқановтың жаңа көлік мінгеніне наразылық білдірді. Бұған қатысты әкімдік жауап берді, деп хабарлайды "Мой город" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылымның мәліметінше, қазір Миржан Сатқанов Camry 70 көлігін тізгіндеп жүр. Қала тұрғындары дағдарыс кезінде шенеуніктің Қазақстанда құрастырылмаған шетелдік көлікті таңдағанына наразы.

    Ал Орал қаласының әкімдігі аталған Camry 70 көлігінің жаңа емес, Trade-In бағдарламасы бойынша сатып алынғанын айтады.

    Айта кетейік, Trade-In – бұл жаңа көлік сатып алуда тауардың бағасын айтарлықтай түсіру үшін ескі автокөлікті қабылдау қызметі.

    "2012 жылы шыққан Camry 50 қызметтік көлігі нашар жағдайда болғандықтан және жиі істен шығатын болғандықтан, оны жөндеуге қосымша шығын қажет болды. Нәтижесінде бюджетке қосымша салмақ түсті. Бюджет қаражатын үнемдеу үшін Trade-In бағадарламасы бойынша Camry 50 көлігін және тағы екі ескірген қызметтік Skoda көлігін бұрын пайдаланылған бір Camry 70 көлігіне айырбастау туралы оңтайлы шешім қабылданды", - деп жауап берген әкімдік басылым сауалына.

    Басылымның мәліметінше, қазір қала басшысы тізгіндеп жүрген көлік 2019 жылы шығарылған.

    Орал тұрғындары әкімнің жаңа көлік мінгеніне наразылық білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.