jitsu gif
Саясат

    Amanat партиясы Тоқаевқа жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынды

    Ерлан Қошанов және Қасым-Жомарт Тоқаев
    Президент мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Фото: aqorda.kz

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісінің және Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Кездесуде мәжіліс спикері партия жаңа үкімет басшысы лауазымына кімді ұсынатынын айтты, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

    Ақорда мәліметінше, мемлекет басшысына Amanat партиясының атынан жаңа премьер-министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылған.

    Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен жуық арада талқылайды.

    Айта кетейік, 28 наурызда Қазақстан үкіметі отставкаға кетті. Президент жарлығына сәйкес, жаңа құрам бекітілгенге дейін үкімет өз міндеттерін атқаратын болады.

    Сондай-ақ мемлекет басшысы VIII сайланған Қазақстан парламентінің бірінші сессиясында премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен Amanat партиясы ұсынатынын айтты.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.