jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    "Елорда тұрғындарының өзекті мәселесін шешу": Тоқаев Жеңіс Қасымбекке бірқатар тапсырма берді

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жеңіс Қасымбек
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жеңіс Қасымбек. Фото: akorda.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

    Кездесуде Жеңіс Қасымбек президентке елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы баяндаған.

    Бұдан бөлек қала тіршілігін қамтамасыз ету жүйесінің нысандары (ССС-3, газ жылу станциялары, ЖЭО-3, т.б.), мектеп, медициналық орталық, жеңілдетілген қолжетімді тұрғын үй секілді әлеуметтік нысандар құрылысының барысы, сондай-ақ апатты жағдайдағы ескі тұрғын үйлерді сүру, тұрғын үй алаптарын дамыту, үлестік құрылыс нысандарын аяқтау, қалаға газ тарту және абаттандыру жұмыстары жөнінде мәлімет берген.

    Астана әкімінің айтуынша, биыл 6,5 мың әлеуметтік пәтер салу жоспарланып отыр, сонымен қатар "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 2 ауысыммен оқитын 90 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы 24 мектептің жобасы жасалып жатыр.

    Жеңіс Қасымбек мемлекет басшысына инвестиция тарту шаралары туралы да мәлімет берген. Оның сөзінше, елордаға құйылған инвестиция көлемі бірінші тоқсанда шамамен 200 миллиард теңгені құраған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға көп.

    Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы одан әрі дамыту, сумен және жылумен қамтамасыз ету нысандарының құрылысын тез арада аяқтау, сондай-ақ елорда тұрғындарының өзекті мәселелерін шешу жөнінде бірқатар тапсырма берген.

    "Елорда тұрғындарының өзекті мәселесін шешу": Тоқаев Жеңіс Қасымбекке бірқатар тапсырма берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.