jitsu gif
Саясат

    Тоқаев: Біз адал әрі ашық жұмыс істейтін бизнес өкілдеріне барлық жағдайды жасаймыз

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Т.me/aqorda_resmi

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Қазақстанда адал әрі ашық жұмыс істейтін бизнес өкілдеріне барлық жағдай жасалатынын айтты. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    "Барлық қаражат толығымен экономиканы дамытуға жұмсалуы қажет. Осы орайда қаржыны қайтарып, елімізді өркендетуге атсалысқысы келетін азаматтарға мынаны айтқым келеді. Жаңа индустриялық жобаларға қаржы салыңыздар.

    Қазақстанда жаңа өндірістер ашып, жаңа жұмыс орындарын құрыңыздар. Сонда мұндай активтерге және оның иелеріне қатысты ешқандай мәселе туындамайды. Тағы да қайталап айтамын. Біз адал әрі ашық жұмыс істейтін бизнес өкілдеріне барлық жағдайды жасаймыз", – дейді президент.

    Сонымен қатар кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев қалалардың келбеті көңіл көншітпейтініне тоқталып, жағдайды өз көзімен көру үшін әкімдерге қаланы жаяу аралау керектігін айтты.

    Тоқаев: Біз адал әрі ашық жұмыс істейтін бизнес өкілдеріне барлық жағдайды жасаймыз

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.