jitsu gif
Саясат

    Биыл Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне орай әскери шеру өте ме: министрлік жауап берді

    әскери шеру
    Отан қорғаушы күніне арналған әскери парад. Астана/2018 жылғы 7 мамыр. Фото: aqorda.kz

    Биыл елімізде 7 мамыр – Отан қорғаушылар және 9 мамыр – Жеңіс күні мейрамына орай әскери шеру өтпейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    "Бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында және басқа да міндеттерді шешу қажеттігіне байланысты биыл елімізде әскери шеру өтпейді. Жалпы алғанда, қазіргі уақыттағы маңызды басымдық – Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығын талап етілетін деңгейде ұстап тұру", – делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

    Сондай-ақ ресми ақпаратта Қорғаныс министрлігі әскери-патриоттық іс-шараларды жоспарлап, өткізіп жатқаны да айтылған.

    "Аталған шаралар ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді құрметтеу, соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу және олардың ерлігін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мақсатын көздейді", – дейді ведомство өкілдері.

    Биыл Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне орай әскери шеру өте ме: министрлік жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.