jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордадағы су тапшылығына байланысты тұрғындарға үндеу жолдады

    Жеңіс Қасымбек Астанаға әкім болды
    Жеңіс Қасымбек. Фото: Gov.kz

    Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram желісіндегі ресми парақшасында су тапшылығы мәселесіне қатысты мәлімдеме жасап, тұрғындарға үндеу жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Расымен, қаламызда бұл мәселе бар. Қазіргі уақытта тәулігіне 25 мың текше метр су жетіспейді. Қаламыз күн санап өсіп жатыр. Жылына кем дегенде 60-70 мың жаңа тұрғын қосылады. Ал соңғы 3 жылдың ішінде қаламызда тұратын азаматтардың саны 200 мың адамға артты.

    Келесі мәселе – соңғы айда суару жұмысы басталып кетті. Өткен аптада болған +30 градустан асатын аптап ыстық осы аптада да жалғасады деп болжанып отыр. Бүгін де өздеріңіз жақсы білесіздер, күн райы +30 градустан асып тұр", - деді елорда әкімі.

    Сонымен қатар Жеңіс Қасымбек елордада осыдан екі жыл бұрын әкімдіктің екі жаңа нысанның құрылысын бастағанын еске салды.

    "Бірінші нысан – қазір өздеріңіз көріп отырғандай, мынау сорғы станциясы. Бұл нысанның құрылысы осы айдың соңына дейін толығымен бітеді. Сосын қалаға қажетті күніне 25 мың текше метр су берілетін болады.

    Екінші нысан – Астана су қоймасынан қалаға келетін су құбыры. Бұл нысан да аяқталып қалды. Келесі аптада толығымен құрылыс жұмысы бітеді және қалаға қажетті су қысымы берілетін болады. Сонымен, бір айдың ішінде бүгінгі су тапшылығы мәселесі толығымен шешіледі. Сәйкесінше, қалаға күніне қосымша 85 мың кубометр су берілу мүмкіндігі пайда болады. Бұл алдағы 3-4 жылға жеткілікті.

    Құрметті, қала тұрғындары! Түсіністік танытып, шыдамдылық білдіргендеріңізге тағы да алғыс айтамын! Алдағы бір айдың ішінде қаладағы су тапшылығына қатысты барлық мәселелер шешілетінін айтқым келеді", – деді елорда әкімі Жеңіс Қасымбек.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.