jitsu gif
Саясат

    Ұлытау облысының әкімдігі, «Қазақмыс» корпорациясы және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы арасында үшжақты меморандум жасалды

    қатысушылар
    Фото: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы өңірдің бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізді. Іс-шараға «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма Төрағасы, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Н.Нұриев, прокуратура органдарының, аумақтық және жергілікті атқарушы органдардың, өңір кәсіпорындарының басшылары қатысты.

    Кездесуде бизнесті қорғау және кәсіпкерлердің мәселелерін шешу сұрақтары талқыланды.

    «Біз - облыстың кәсіпкерлік әлеуетін дамытуға мүдделіміз және бизнес-қоғамдастықтың мәселелерін талдауға, талқылауға және шешуге әрқашан ашықпыз. Мұндай кездесулерді өткізу - сіздерге қандай дүниелерге мұқият назар аудару керектігін және қалай көмектесу керектігін түсінуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы.

    Берік Әбдіғалиұлы
    Берік Әбдіғалиұлы. Фото: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімдігі, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС және Ұлытау өңірлік кәсіпкерлер палатасы арасында үшжақты меморандумға қол қойылды.

    Жүздесуде атап өткендей, бұл меморандум - Ұлытау облысының тауар өндірушілерін қолдау мен дамытуға, сондай-ақ өңірде жаңа өндірістер ашуға жәрдемдесетін болады.

    қатысушылар
    Фото: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Жиында бизнес-қоғамдастық тарапынан айтылған проблемалар облыс әкімінің назарынан тыс қалмады, оның барлығын ары қарай шешу үшін бақылауда ұстауға тапсырма берілді. Нұрахмет Нұриев өз кезегінде өнеркәсіптегі алып компания - облыстың дамуы мен өркендеуіне, оның ішінде өңірдің кәсіпкерлік секторын қолдауға көмектесетінін атап өтті.

    Өңір басшысының тапсырмасы бойынша мұндай кездесулер жарты жылда бір рет өткізіледі, ал әкім орынбасарлары (әрқайсысы өз салалары бойынша) оларды тоқсан сайын ұйымдастыратын болады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.