jitsu gif
Саясат

    Тоқаев: Басшылық құрамды жаңарту жұмысы жалғасын табады

    Шенеунік
    Қызметкер. Көрнекі фото: Pixabay.com

    Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында Тоқаев басшылық құрамды жаңарту мәселесін қозғады. Бұл туралы Ақорданың ресми Telegram арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Басшылық құрамды жаңарту жұмысы жалғасын табады. Мемлекет басшысы ретінде айтарым, министрлердің, әкімдердің және басқа да мемлекеттік қызметшілердің бойында негізгі екі қасиет болуы керек. Бұл – профессионализм, яғни нағыз маман болу және отаншылдық. Ал, олардың Президенттің жеке басына адалдығы мен үшін маңызды емес. Мемлекет басшысын мадақтаудан гөрі жұмысты адал атқарып, халықтың алдында абыройлы болу әлдеқайда маңызды. Барлық мемлекеттік қызметшілерге осыны айтқым келеді.

    Сондай-ақ, жасалған реформалардан кейін Қазақстан президенті мемлекеттік басқарушы, яғни Конституцияда көрсетілген 7 жылдық мерзімге халықпен өзара келісімшартқа отыратын менеджер ретінде қызмет етеді. Президент – әулие емес, халықтан биік тұлға емес", - деді президент құрылтайда.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.