jitsu gif
Саясат

    "Осында қарапайым мектепте оқиды": Саясат Нұрбек балалары Қазақстанға оралғанын мәлімдеді

    Саясат Нұрбек
    Саясат Нұрбек. Фото: t.me/mazhilis_kz

    Ақорда кулуарында Ғылым және Жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Кипрдегі мектепте бірнеше жыл білім алған балаларының биыл Қазақстан мектептерінің біріне баратынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Олар қазір Қазақстанда. Елге келді. Осында қарапайым мектепте оқитын болады. Құжаттарды тапсырамыз, түрлі нұсқаларды қарастырамыз", - дейді министр Саясат Нұрбек.

    Еске салайық, бұған дейін министр балаларының неліктен шетелде оқитыны туралы айтқан болатын.

    Былтыр Саясат Нұрбек балаларының Солтүстік Кипрден қазақстандық мектепке ауысатынын атап өткен еді. Алайда кейін оның балалары Кипрде оқуын жалғастырып жатқаны белгілі болды.

    Сол кезде Саясат Нұрбек Кипрде балаларының білім алуы, олардың өз таңдауы екенін айтқан еді.

    Сонымен қатар министр Кипрдегі жекеменшік мектепте білім алу Қазақстандағы жекеменшік мектептердегі бағамен салыстырғанда арзан екенін атап өткен болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.