jitsu gif
Саясат

    Желіде тағы да елорданы Түркістанға көшіру туралы жалған ақпарат тарады

    Түркістан
    Түркістан қаласы. Көрнекі фото: turantv.kz

    Мессенджерлерде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен елорда Астанадан Түркістанға көшірілді деген ақпарат таралған болатын. Елорданы қайта ауыстыру туралы шешім бұрынғы фейк екені анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

    Фактчекерлердің жазуынша, видео Қазнетте биылғы жылдың сәуір айында тараған болатын.

    "Содан бері ештеңе өзгерген жоқ. БАҚ-та елорданы Түркістанға көшіру туралы жаңалықтар болған жоқ. Мұндай ақпараттар ҚР Президентінің сайтында да шықпады.

    Парламенттің ресми порталында да мұндай бастамалардың талқыланғаны туралы жазылған жоқ", – делінген мақалада.

    Материалда елорданың Түркістанға көшірілуі мүмкін екені туралы ақпарат 2020 жылы пайда болғаны атап өтілді. Бірақ кейін билік оны жоққа шығарды.

    Осыған байланысты фактчекерлер бұл видеоның фейк екенін, оған сенудің қажеті жоқ екенін ескертті.

    Еске сала кетейік, өткен жылы Қазақстанның астанасын Түркістанға ғана емес, Қостанайға да көшіру туралы хабарлама таралған, бірақ ол да фейк болып шықты.

    Астана қаласы әкімдігінің сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің шешімімен 1994 жылғы 6 шілдеде елорда Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылданған.

    Ал 1997 жылы 10 желтоқсанда елорда ресми түрде көшірілген болатын. 1998 жылы болса, Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді.

    2019 жылдың наурызында Астананың атауы Нұр-Сұлтан болып өзгертілді, ал 2022 жылдың қыркүйегінде елордаға бұрынғы атауы қайтарылды.

    Желіде тағы да елорданы Түркістанға көшіру туралы жалған ақпарат тарады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.