jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Президент ертең Қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізбек

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізеді. Отырыс ертең, 25 маусым күні таңертеңгі уақытқа белгіленген. Бұл туралы мемлекет басшысы баспасөз қызметінің ресми Телеграм-каналында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Президент Қасым-Жомарт Тоқаев таңертең Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізеді.

    Мемлекет басшысына Премьер-Министр, күштік құрылым басшылары Ресейдегі қалыптасқан жағдайға байланысты берілген тапсырмаларының орындалуы жөнінде есеп береді.

    Жиында көрші достас мемлекеттегі ахуалдың Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігіне және еліміздің экономикасына тигізетін ықтимал теріс салдарының алдын алу мақсатында шұғыл іс-қимыл жоспары қабылданады деп жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.

    Еске салайық, бүгін түнде Ресей "Вагнер" ЖӘК басшысы Евгений Пригожиннің қарулы көтеріліс бастағанын мәлімдеген еді.

    Владимир Путин бұл жайтқа қатысты үндеу жасады. Ол болып жатқан жағдайды сатқындық деп атады.

    Сол арада Қазақстанның Ресейдегі елшілігі азаматтарға Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарына бармауды ескертті.

    Президент ертең Қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізбек

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.