jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Жоғары сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Асламбек Мерғалиев
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Асламбек Мерғалиев. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Жоғары сот төрағасы Асламбек Мерғалиев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткен жартыжылдықта сот жүйесінің атқарған жұмысының қорытындылары туралы мәлімет берді. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    Ақорданың ақпаратынша, Асламбек Мерғалиев қылмыстық процестегі тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы қағидатын жүзеге асыруға, қамауға алудың баламалы жолы ретінде бұлтартпау шараларын қолдану аясын кеңейтуге, сот ісін жүргізуді бюрократиядан арылтуға, біріздендіруге және оның ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық бастамалар туралы айтты.

    Сонымен қатар президентке ювенальды соттардың құзыретін кеңейту және сот актісінің күші жойылған кезде істі бірінші сатыдағы сотқа қайтармай, апелляцияның тиісті шешім қабылдауы туралы процессуалдық нормаларды дұрыс қолдану жөнінде баяндалды. Бұл жаңа нормалар қағазбастылықты, судьяның қателік жіберу жағдайларын азайтып, азаматтардың бұзылған құқығын тез арада қалпына келтіруге оң септігін тигізуге тиіс.

    Сондай-ақ мемлекет басшысы адам құқықтарының сотта қорғалуын қамтамасыз ету керектігіне және әділ сот жүйесіне деген сенімді арттыратын негізгі фактор ретінде соттардың тәуелсіздігіне айрықша назар аударған.

    Тоқаев Жоғары сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.