jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Кейбір қазақстандықтар үшін әскери билеттерді алып тастау жоспарлануда

    Әскери жасақтың маршы
    Әскери жасақ. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қорғаныс вице-министрі Дархан Ахмедиев әскери міндетін өтеуге тиіс азаматтар мен қазақстандық ерлер үшін қандай өзгерістер әзірленіп жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Дархан Ахмадиевтің сөзінше, енді әскери борышын өтемеген азаматтар әскери билет алу қажеттілігінен босатылады.

    Бұл ретте Қорғаныс министрлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетіп, бюджет қаражатын үнемдеуді көздеуде.

    "Әскери билеттерді дайындау бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Бүгін әскери қызмет өткермегендер келіп, осы әскери билеттерді алып кетуі керек. Сонымен қатар бұл әскери билеттер жоғалған жағдайда олар айыппұл төлеуге міндетті болатын. Енді біз бұл үдерісті жоямыз. Бұдан былай азаматтың жеке кабинетінде әскери борышын өтеуге тиіс деген статус тұрады, яғни біз мұндай нәтижеге цифрландырудың арқасында қол жеткіздік.

    Бұл екі бастама техникалық тұрғыда жүзеге асырылған, енді оны заңға енгізу жұмыстары жүргізілуде. Осы жылы оны пилоттық түрде енгізетін боламыз. Бірақ ресми түрде бұл жүйені келесі жылдан бастап іске қосуды жоспарлап отырмыз", – деді спикер.

    Кейбір қазақстандықтар үшін әскери билеттерді алып тастау жоспарлануда

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.