jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Ұят болуы керек": мәжіліс депутаты Бурабайдағы қызмет сапасын сынға алды (видео)

    Бурабайдағы Абылай хан алаңы
    Бурабайдағы Абылай хан алаңы: facebook.com/marat.bashimov

    Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов Ақмола облысындағы "Бурабай" табиғи ұлттық саябағындағы ақылы дәретханаларға көңілі толмайтынын айтты. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.

    Мәжілісмен қазақстандық демалыс орнының суреті мен видеосын жариялады. Ол Бурабай ұлттық саябағында орналасқан Абылай ханның жайлауын көруге туристер тек Қазақстаннан ғана емес, басқа елдерден де келетінін атап өтті.

    "Ақшаны сыпырып алу "Төле" деп жазылған кіреберістен басталады. Жарайды, мұның бәрі...Бірақ дәретхананың жанында үш баласымен ананы, әр адам үшін 150 теңгеден төлеу керек деген көріністі көру - наразылық туғызады", - деп жазды Бәшімов.

    Ол тарихи орындарды көру үшін ақша төлеуге болатынын, бірақ "адамдық, табиғи қажеттілік үшін ақша алу бассыздық екенін атап өтті.

    "Осы жерде Ақмола облысы әкімдігінің басшылығына сұрақ туындайды: бұл қандай саясат, тегін дәретхана жасаудың орнына қалтасын толтыруды ойлап отыр ма? Ұят деген болуы керек", - деп түйіндеді сөзін депутат.

    Айта кетейік, жаздың басында қазақстандықтар Щучье-Боровская курорттық аймағындағы демалыстың қымбаттығына, сондай-ақ маусым кезінде дәретханалар мен қоқыс жәшіктерінің жеткіліксіздігіне шағымданған болатын. Кейбіреулер Түркияда демалу арзанырақ екенін жеткізген еді.

    Қазақстандықтардың наразылығына Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жауап берді. Ол бұл курорттық аймаққа жыл сайын көбірек туристер келетінін айтты.

    "Ұят болуы керек": мәжіліс депутаты Бурабайдағы қызмет сапасын сынға алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.