jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Депутат Астанада жерасты метросын салуды ұсынды

    Метро
    Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Бүгін мәслихат отырысында депутат Динара Оразалина Астанада жерасты метросын салуды ойластыру қажет екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Депутат Динара Оразалина Астанада метро салу туралы ойлануға шақырды.

    "Заңдылық және Құқықтық тәртіп" комиссиясының мүшесінің ұзақ мерзімді ұсынысы ретінде, әлі де елордада жерасты метросын салу туралы ойлану керек.

    Бейбіт уақытта метро біздің қолайсыз ауа райының климаттық жағдайында тұрғындарды көшіру үшін қажет болса, ал төтенше жағдайда ол жер асты бомбадан қорғанатын жер болады", - деді депутат Оразалина.

    Айта кетейік, Астанадағы LRT жер үсті метрополитені құрылысы қайта жанданған болатын. Жыл басында елорда әкімдігі екі жыл ішінде жұмысты аяқтауды жоспарлап отырғанын мәлім еткен еді.

    Депутат Астанада жерасты метросын салуды ұсынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.