jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    "28 жыл мемлекеттік қызметтемін": Павлодар облысының экс-әкімі ӘМСҚ басшысы болуына қатысты пікір білдірді

    Әбілқайыр Сқақов
    Әбілқайыр Сқақов. Фото: Валерия Бугаева

    Бүгін мәжіліс кулуарында Павлодар облысының бұрынғы әкімі Әбілқайыр Сқақов Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Әбілқайыр Сқақовқа медициналық тәжірибесінің жоқтығы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын басқаруға қиындық тудырмай ма деген сауал қойылды.

    "Менің мемлекеттік қызметте жүргеніме 28 жыл болды, тәжірибем бар – облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығында 2,5 жыл жұмыс істедім, кейін әкім болып тағайындалғаным ковид пандемиясымен тұспа-тұс келіп қалды, сол кезде коронавирус індетімен күресіп, тәжірибе жинадым", – деді Әбілқайыр Сқақов.

    Оның айтуынша, қор – көбіне денсаулық сақтау жүйесін қаржыландырумен айналысатын қаржы институты.

    Сқақовтың пікірінше, оның бұл тәжірибесі Денсаулық сақтау министрлігімен, медициналық қауымдастықпен және сарапшылармен бірлесе отырып, денсаулық сақтау саласындағы барлық мәселені шешуге бағытталған нақты жоспарды құруға мүмкіндік береді.

    "28 жыл мемлекеттік қызметтемін": Павлодар облысының экс-әкімі ӘМСҚ басшысы болуына қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.