jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Бауыржан Байбектің әйелі елорда сотының судьясы қызметінен босатылды

    Таразы мен судья балғасы
    Таразы мен судья балғасы. Көрнекі фото: pixabay.com

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев судьяларды қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды. Қызметінен босатылған тұлғалар арасында Бауыржан Байбектің әйелі де бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқасының төрағасы мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы" Қазақстан Республикасы президентінің 2023 жылғы 6 қазандағы № 367 жарлығы Жоғарғы соттың ресми сайтында жарияланды.

    Құжатта судья лауазымына тағайындалған, сондай-ақ қызметтен босатылған тұлғалар тізімі бар.

    Жарлыққа сәйкес, үш адам Астана қалалық соты судьясы қызметінен босатылған. Олардың қатарында Жанар Байбек те бар. Қызметтен босату себебі "өз өтініші бойынша" деп көрсетілген.

    Сонымен қатар Сара Қаракөзиева мен Майя Қасымова да енді Астана қаласының судьясы емес.

    Айта кетейік, бүгін Жоғарғы соттың үш судьясы қызметінен босатылды.

    Бауыржан Байбектің әйелі елорда сотының судьясы қызметінен босатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.